Астанада бірнеше көше уақытша жабылады - Индустрияландыру|23 Қазан 2018, 14:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Астанада бірнеше көше уақытша жабылады

Астана, BAQ.KZ. «Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірге, А. Иманов көшесінен бастап А. Пушкин көшесіне дейінгі учаскеде А. Янушкевич көшесін асфальттау жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, қазан айының 23-нен (15:00 с) 27-не (21:00 с) дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы жабылатын болады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет" - делінген «Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ таратқан хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер