BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аралда кірпіш өндіретін зауыт іске қосылды

Арал ауданында жылына 4 миллион кірпіш шығаратын зауыт жұмыс істейді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің Қызылорда облысындағы тілшісі.

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Базарбай Пірмановтың айтуынша, «Жаңа Арал» серіктестігі қолға алған жаңа өндіріс индустриялық аймақта орналасқан.

«Кірпіш өндіру жобасының құны 131,5 миллион теңге болады. Зауыт жақында іске қосылды, яғни тамыз айынан бері жұмыс істеуде. Жаңа жоба аудан экономикасының дамуына, халқының әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді деп ойлаймыз», - дейді Базарбай Пірманов.

«Қаптама кірпіш өндіру» жобасының бастамашысы Мейрамбек Жұмашевтің айтуынша, зауыттың жылына 4 миллион кірпіш шығаратын қауқары бар. Өндіріс қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«Қазіргі таңда өндірісте 10 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта жұмысшылардың саны арттыру көзделіп отыр. Зауытта кірпіштің барлық түрін өндіреміз. Тапсырыс берушілердің сұранысын қанағаттандыруға шамамыз жетеді. Шығарылған кірпіштер бүгінде көршілес аудандарға, әсіресе, Қазалы ауданына және Қызылорда қаласына жөнелтілуде», – дейді кәсіпкер Мейрамбек Жұмашев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер