BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы облысының индустриялды аймақтарында 17 кәсіпорын жұмыс істейді

Фото: Алматы облысы әкімінің ресми сайтынан

Алматы облысындағы индустриялды аймақтарда 17 кәсіпорын жұмыс істесе, алдағы уақытта оның санын 400-ге жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Серіктес қала «GateCity» аумағында «Берек» жаңа индустриялды аймағы құрылып, онда ірі компаниялардың қатысуымен жалпы сомасы 90 млрд теңге. 5 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады нәтижесінде 2 мың жұмыс орны құрылады. Олардың қатарында ет полуфабрикаттарын шығаратын «Бауманн» (Германия), картоп өңдейтін «Фармфритс» (Голландия), жылыжай шаруашылығы бойынша «Экокультур» (Ресей) компаниялары бар», - деді Амандық Баталов.

Сондай-ақ облыста «Талдықорған», «Береке», «Арна», «Боралдай», «Қазыбек бек», «Қайрат» - 6 индустриялды аймақ бар екені және олардың барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгені айтылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер