BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы облысында пестицид өндіретін зауыт салынады

Алматы облысында «Kazakh Invest» қолдауымен 2019 жылы түрік инвестицияларының қатысуымен өсімдіктерді қорғайтын құралдарды өндіру бойынша зауыт салынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Түрік холдингі «Агробэст Груп» атынан шетел инвесторы Қазақстанда гербицидтер, инсектицидтер, фунгицидтер, дәндерді улағыштар мен глифосатты шығаруға 30 млн АҚШ долларын салады.

«Kazakh Invest» барлық қажетті рұқсаттар мен мемлекеттік қолдау шараларын алуда осы жобаны қолдайды. Осылайша, «Kazakh Invest» өңірлік өкілінің қолдауымен Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан «Қайрат» индустриалды аймақта осы жобаны іске асыруға жер телімі таңдалды.

Жобалау жұмыстарына инвестор таяу арада кірісуді жоспарлап отыр. Зауыттың құрылысы ағымдағы жылдың басында басталады және 2019 жылға қарай аяқталады.

Өнімнің 60% пайыздан астамы ішкі нарықты қамтып алады, қалған бөлігі Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа нарықтарға жіберіледі.

Салынып жатқан зауыттың жалпы өндірістік қуаты жылына 12 мың тоннаға дейін пестицидтердің өндірісін құрайды. Өңірде шамамен 200 жұмыс орны құрылады.

«АгроБест Груп» түрік компаниясының негізі 2002 жылы қаланды және ол пестицидтердің әлемдік нарығының маңызды қатысушысы болып табылады. Өндірістің жылдық көлемі 35 000 тонна пестицид болып табылады, өнім ISO талаптарына сәйкес шығарылады. «АгроБест Груп» өнімі Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Судан, Сирия және т.б. өсімдіктерін қорғайтын химиялық құралдар нарығында ұсынылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер