Алматы индустриялық аймағында 24 жоба іске асырылып жатыр — ИДМ - Индустрияландыру|23 Тамыз 2018, 18:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматы индустриялық аймағында 24 жоба іске асырылып жатыр — ИДМ

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров Алматы қаласының Алатау ауданындағы индустриялық аймақта бірқатар индустриялық жобаларды аралады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Араланған нысандар қатарында — «Tokyo Rope Almaty» ЖШС инженерлік қауіпсіздік жүйелерін шығару жөніндегі өндірісті кеңейту және орнын ауыстыру кәсіпорны бар. Жоба жапондық Tokyo Rope трансұлттық корпорациясының қатысуымен іске асырылған.

Сонымен қатар, Комитет төрағасы «BRB APK» ЖШС жылыжай өндірістік кешенін, «Almapack Co LTD» ЖШС қағаз қаптар шығаратын зауытты, «DOC Co Ltd.» ЖШС кеңсе техникаларына арналған картридж шығаратын цехты, «Asia Steel Pipe Corporation» ЖШС үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырлар шығаратын зауытты тексеріп, «КМК Investment» ЖШС кабельді–өткізгіш өнімдер шығаратын зауыттың құрылысы барысымен танысты.

Айта кету керек, Алматы қаласының Алатау ауданының солтүстік-батыс бөлігіндегі Іле және Қарасай аудандарының шекарасындағы индустриялық аймақтың құрылысы 2012 жылдан бастап жүргізілуде. Жалпы ауданы — 490 га. Бүгінде ИА аумағында 4 жоба бар, 24 жоба іске асырылу сатысында, олардың 9-ы осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Қазірдің өзінде республикалық бюджеттен алынған бір теңгеге 5 теңге жеке инвестициялар тартылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер