Алматы индустриалдық аймағында тағы жеті нысан пайда болады  - Индустрияландыру|26 Қыркүйек 2018, 15:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматы индустриалдық аймағында тағы жеті нысан пайда болады 

Алматы индустриалдық аймағының инфрақұрылымына салынатын мемлекеттік инвестициялар көлемі 27 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, инфрақұрылымның техникалық-экономикалық негіздемесінде 34 млрд теңге көрсетілген.

Оның ішінде, электрмен жабдықтауға 7 млрд теңге, көше-жол желілеріне 3,7 млрд теңге, кәріз жүйесіне 2,6 млрд теңге, теміржол станцияларына 3,1 млрд теңге, магистральді газ құбырына 1 млрд теңге бөлінген.

Сонымен қатар, 2016 жылдан 2018 жылдың қыркүйек айына дейін бес жоба пайдалануға берілген. Бұл жалпы құны 7,8 млрд теңге болатын BRBAPK көкөніс өсіретін жылыжай кешені, 200 млн теңге тұратын Almapack қағаз қапшықтар шығаратын зауыт, құны 80 млн теңгені құрайтын Doc Co Ltd картридж шығаратын кәсіпорын, сомасы 3,7 млрд теңге болатын Tokyo Rope Almaty қауіпсіздіктің инженерлік желілерін шығаратын зауыт және құны 6,7 млрд теңге көлеміндегі КМК Investment атты кабель-өткізгіш өнімдерін шығаратын кәсіпорын.

2018 жылдың соңына дейін жалпы құны 50,3 млрд теңгеге тағы жеті нысанды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ал келесі жылы 36,3 млрд теңгеге 16 кәсіпорын іске қосылады. 2020-2021 жылдары аралығында 11,6 млрд теңгеге тағы үш нысанды пайдалануға беру жоспарда бар.

Қазіргі уақытта инфрақұрылымды дамыту үшін Алатау ауданында 490 гектар бөлініп отыр. Оның 278 гектары жобаны жүзеге асыруға берілген. Жалпы сомасы 155 млрд теңгеге 41 кәсіпорын индустриалдық аймақтың резиденттері болып табылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер