BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде қуаттылығы 50 мың тонналық мұнай жабдықтары зауыты ашылды

Фото: Автор

Астанада өткен «Елдің жаңа индустриялануы: қазақстандық барыстың серпіні» атты дәстүрлі жалпыұлттық телекөпір кезінде мелекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде екі ірі жобаны іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жалпыұлттық телекөпір кезінде пайдалануға берілген жобалардың бірі - Ақтөбедегі «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС-і. Қуаттылығы жылына 50 мың тонна болады. Кəсіпорында 120 адам жұмыс жасайды. Сорғылау-сығымдау жəне шегендеу құбырларын, бұрандалы муфталарды шығарады. Сапалы өнім көлемі 96 пайыздан жоғары. Шегендеу құбырлары мен сорғылау-сығымдау құбырларын шығару үшін Қытай технологиясы қолданылып, мамандар тартылды.

«Біз - жас, қарқынды дамып келе жатқан компаниямыз. Жоғары технологиялық өндіріс арқылы елдің мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамыту қолға алынды. 120 жұмыс орны құрылды. Өндірілген өнімнің 20 пайызын ЕАЭК пен Қытай нарығына шығаруды көздеп отырмыз. 5,5 миллиард теңге инвестиция тартылды», - деді «МЖШҚЗ» ЖШС директоры Анар Кашлаев.

Ақтөбе облысында 2019 жылға дейін кәсіпкерлікті қолдау картасында 1900 тұрақты жұмыс орны құрылады. Ол үшін жалы құны 127 миллиард теңгенің 17 жобасы жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, өңірде 2010-2016 жылдар аралығында жалпы құны 565 миллиард теңгеден астам 82 жоба іске қосылған.

Биыл құны 5,6 млрд. теңгелік төрт жоба жүзеге асырылды. Тағы үш жоба іске қосылады. Аймақта индустрияландыру картасынан тыс 2017 жылы инвестиция көлемі 6,7 млрд. теңге болатын төрт жоба пайдалануға беріліп, 265 жұмыс орны ашылды.

Фото: автордікі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер