BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмола облысында 500 млрд теңгеге инвестжоба жүзеге асырылады

Индустриялизация картасы аясында Ақмола облысында жалпы құны 528,3 млрд теңге болатын инвестициялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлығы 4,3 мың жұмыс орны бар 11 кәсіпорын салынбақ. Нығматулиннің айтуынша, облыста мұндай 76 жоба жүзеге асырылды. Жалпы құны 223 млрд теңге болатын бұл жобалар 7,7 мың жұмыс орнын ұсынып отыр. Бұдан өзге аталған аймақта өткен жылы 5,1 млн тонна дәнді дақыл жиналған болатын.

Парламенттің төменгі палатасының басшысы аймақтың жұмысына риза екенін айтып өтті. Бұған Нығматулиннің «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» мен «Көкшетауминсу» ірі кәсіпорындарына баруы себеп болып отыр.

Мұнымен қатар, Нығматулин руспубликаның бюджет туралы заңы жасалып жатқан кезде әлеуметтік көмек ретінде бөлінетін қосымша 22 млрд теңге қарастырылғанын айтып өтті. Бұдан өзге депутаттар әкімшілік жауапкершілік Кодексіне өзгерістер енгізу кезінде айыппұлды 30% төмендетіп, кішігірім құқық бұзушылықтарды соттың ескертуімен тоқтатуды ұсынған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер