BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.92
Астана:

2018 жылы еліміздегі газ өндірісі 3,6% өсті

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«Алдын ала жедел мәлімет бойынша, 2018 жылы мұнай өндіру 98,3 млн тоннаны құрайтын болады. Бұл ешқашан болмаған рекорд және 2017 жылы бұл көрсеткіш 86,2 млн тоннаны құраған болатын. Елдегі үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру шамамен 54 млн тоннаны құрайтын болады», - деді Бозымбаев.

Министр ұсынған ақпаратқа сәйкес, осы жылы мұнай экспорты 71,5 млн тоннаны немесе 2017 жылмен салыстырғанда 102,4% құрайтын болады.

«Жыл қорытындысы бойынша газ өндіру 54,8 млрд текше метрді құрайды және өткен жылмен салыстырғанда өсім 3,6% құрайды. Тауарлық газ өндірісі 33 млрд текше метрге дейін, сұйылтылған газ өндірісі 3 млн тоннаға дейін артты. Газ экспорты 19 млрд текше метрге жететін болады», - деді Бозымбаев.

Оның айтуынша, Қытаймен экономикалық әріптестік аясында жыл сайынғы газ эскпортының көлемі 10 млрд текше метрге дейін нақтыланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер