BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2018 жылы Алматы мен Рига арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Фото: Нұржас Жақсыбай

Алдағы жылы Латвияның «airBaltic» ұлттық авиакомпаниясы жаңа «Рига-Алматы» әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы «Жаңа Еуразия: Еуро-азиялық трансқұрлықтық маршруттарда көлік-логистикалық жүйелерді дамыту» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық конференцияда Латвия көлік министрлігінің мемлекеттік хатшысы Улдис Рейманис айтты.

«Алдағы жылдан бастап «airBaltic» авиакомпаниясы Алматы қаласы арқылы ұшады. Мұнда «Рига-Алматы» әуе рейсі ашылады. Биыл біз «Bombardier CS 300» ұшағын алдық. Сондай-ақ, Латвия басқа елдермен 60-қа жуық әуе рейсі арқылы байланыс орнатқан», - деді мемлекеттік хатшы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер