BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2017 жылы қоғамдық көлікке деген сұранысты арттырамыз - Исекешев

Фото: Азамат Әлиев

Бүгін Астана әкімдігінде 2017 жылға арналған елорданың көліктік кешенінің даму бағдарламасы көрсетілген қоғамдық тыңдалым өтті. Қала тұрғындарының алдында биылғы жылы Астана қаласында болатын қоғамдық көлік мәселелері талқыланды, дейді BAQ.kz тілшісі.

Жол-көліктік инфрақұрылым мен қаланың көше-жол жүйесіне түскен салмақты төмендету мақсатында елордалық əкімшілікпен жұмыстың негізгі бағыттары белгіленді.

«Сараптамаға сәйкес бағдарламаның жүзеге асырылуы жауапты органдардың 2017 жылға белгіленген көлік қозғалысының орташа жылдамдығын 4% үлкейту, тұрғындардың қоғамдық көлік жұмысымен қанағаттандыру көрсеткішін 13% көбейту, қоғамдық көлікке деген сұранысты 24% арттыру, көліктер деңгейін 2% төмендету, экологияға əсерді 8% кеміту, жол қозғалысы қауіпсіздігін 24% көбейту секілді жаһандық тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді» -деді қала əкімі - Əсет Исекешев.

Сонымен қатар, Әсет Исекешев 2017 жылы қала көшелеріндегі көлік қозғалысын реттеу туралы бірқатар істер атқарылып жатқандығына тоқталды.

Азаматтардың пікірін білу үшін елорданың көлік кешенінің дамуы жөніндегі 2017ж. Көзделген мақсаттар бағдарламасын талқылау нәтижелері HYPERLINK "http://astana.gov.kz/" \t "_blank" astana.gov.kz Астана қаласының Əкімшілігі сайтында орналастырылатын болады. Барлық ұсыныстар мен толықтырулар 2017ж. 1 ақпанына дейін Астананың тұрақты дамуы мен астаналық англомерация Кеңесі секретариатымен HYPERLINK "mailto:info@suraa.kz" \t "_blank" info@suraa.kz немесе HYPERLINK "tel:+7%20700%20717%202109" \t "_blank" +7 700 717 21 09 what'sapp нөміріне хабарлама ретінде қабылданатын болады.

Бағдарлама қоғамдық өкілдер мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып бекітілетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер