BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2017 жылы Астанаға 945 млрд теңге инвестиция тартылды - Исекешев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бүгін Астанада өткен «Астана - даму мен инновацияның 20 жылы» форумында Астана әкімі Әсет Исекешев Елорданың жетістіктерін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Соңғы 20 жылда жалпы өңірлік өнім 190 есеге өсті. Мемлекеттік бюджетке түсімдер 80 есеге артты, яғни 1997 жылғы 13 млрд теңге 2017 жылы 1 трлн теңгеге жетті. Жиырма жылда тұрғын үй құрылысына 1 трлн 600 млрд теңге салынып, 180 мыңға жуық пәтерді қамтитын 1 265 тұрғын үй пайдалануға берілді. Соңғы бес жылда Астанада 9 млн шаршы метрден астам баспана тапсырылды. Атап айтқанда, 5 жылдың ішінде 300 мың адамға арналған қала салынып шықты, яғни бұл орташа облыс орталығы секілді аумақ Астанада пайда болғанын білдіреді», - деді Әсет Исекешев.

Әсет Исекешев аталған жетістіктермен тоқтап қалмайтынын, ел дамуының жетекшісі болған Астана алдағы уақытта да қарқынын бәсеңдетпейтінін айтты.

«20 жылда Астанада 1172 өндірістік, әлеуметтік-мәдени әрі қоғамдық маңыздағы нысандар салынды. Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі жылына 1997 жылдан бері 44 есеге өсті және 20 жылда жалпы 8 трлн теңгені немесе 47 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылы да жалғасын тапты, яғни ЭКСПО-ны өткізудің арқасында қала дамуында оң экономикалық көрсеткіштер байқалды. 2017 жылы елорданың экономикасына 945 млрд теңге инвестиция тартылса, оның 70 пайызы жеке инвестициялар», - деді Әсет Исекешев.

Естеріңізге сала кетейік, аталға форум барысында сөз сөйлеген Мұхтар Құл-Мұхаммед Астананы еліміздің өзге қалаларына үлгі еткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер