Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойы Вена қаласында аталып өтті - Еуропа қазақтары |01 Қаңтар 2016, 00:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойы Вена қаласында аталып өтті

Астана. 18 сәуір. Baq.kz – Алаш ардагері Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойы Сәуідің 16 күні Аустрияның астанасы Вена қаласындағы Қазақстан елшілігінде, Қазақстан үкіметінің , Қазақстанның Венадағы Елшісі, Халықаралық ұйымдар жанындағы түрақты өкілі Қайрат Сарыбайдың белсенді түрде атсалысуымен ресми түрде басталды. 

Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында шаһит болған қажы Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойының Вена қаласында басталуы қазақ баласы үшін үлкен абырой.


Тойға Венадағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлері, Еуропадағы қазақ диаспора өкілдері, Венадағы халықаралық үйымдар өкілдері, сонда оқып жатқан қазақ жастары, жергілікті тұғындар мен батыр ата ұрпақтары қатысты.


Елші Қайрат Сарыбай өз сөзінде, Зуқа батырдың ұлт-азаттық жолындағы күресін, жетім-жесірлер мен кедей-кепшіктерге пана болған адамгершілігін атап өтті. Зуқа батырдай қазақ үшін жан берген есіл ерлердің күресі арқылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенін айтты. Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойын өзі жетекшілік ететін елшілікте өткізілуін мақтан тұтатынын айтты және тәуелсіз қазақ елін Мәңгілік елге айналдыру жолында барлық қазақ тізе қоса күш жұмсау міндетіміз деді.


Наурыз мерекесімен бірге өткізіліп жатқан мерейтойға Қазақстандағы Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойын өткізу алқа мүшелері мен Зуқа батыр ұрпақтарына да шақырту қағаздар жіберілді.

kerey.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер