Германияда қымыз күні аталып өтті - Еуропа қазақтары |01 Қаңтар 2016, 00:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Германияда қымыз күні аталып өтті

Астана. 11 мамыр. Baq.kz - Германияда неміс халқы үшін таңсық та ерекше мереке қымыз күні аталып өтті, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Аса пайдалы сусынмен шөл басқан жергілікті тұрғындар қазақтың ұлттық тағамынан да ауыз тиді, күмбірлеген күй де тыңдап қайтты. Күмбірлеген қасиетті домбыраның қоңыр үні, ұлттық би, ойын осының барлығы қазақстандағыдай көрінеді. Германияда өткен қымыз мерекесіне онда тұратын қазақ дияспоралары мен немістер де, тіпті германияны паналаған жандар да келген.
Франкфурт тұрғыны Кристияне Елфнер: «Мен үшін танымды да қызық фестивал болды. Еуропа елінде қазақтың ұлттық сусынынан ауыз тыйігісі келетіндер көп», деді.
«Мұнда 1997-жылы Қазақстаннан көшіп келген едік. Осы кезге дейін шыққан жерімізді ұмытқанымыз жоқ. Қазақстанды еске алғанда бауырларымызбен өзара қазақша сөйлесеміз. Етті де ұмытқанымыз жоқ. Реті келсе, ет асып жеп, шүйіркелесіп әңгіме-дүкен құрамыз. Мен осы мерекенің тұрақты қатысушыларының біріміз. Бүгін де қымыз ішу үшін 170 шақырымды артқа тастап келдік», дейді Қазақстаннан қоныс аударған Валдемәр Адам.
Майндағы Франкфурт қаласының тұрғындары жылына екі рет қымыз күнінде осы жерге жиналады. Сусынның дәмі біздікінен өзгешелеу. Арнайы технологиямен дайындалады. Германияда ең ірі жылқы фермасы осы Цолмандар да бар. Қазақтың ұлттық сусынын 1959-жылы Цолманның әкесі рудолф алып келген.
«Жыл сайын қожалықта қазақтың ұлттық өнімі қымыз фестивалын өткіземіз. Әрі Германия бойынша мұндай арнаулы мерекені біз ғана жасаймыз. Себебі, аса пайдалы сусынды еуропалықтар да сүйсініп ішеді. Бір жағынан халықтың көңіл-күйі көтеріліп, жанына дәру болатын астан ауыз тиеді. Сондықтан осындай игі шара ұйымдастыратынымызға өзіміз де қуанамыз әрі мақтанамыз», дейді шаруашылық иесі Гудрун Цолман.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер