Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясы (FEKA) төрағасының Жаңа жылдық құттықтауы - Еуропа қазақтары |01 Қаңтар 2016, 00:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еуропа Қазақ қоғамдары федерациясы (FEKA) төрағасының Жаңа жылдық құттықтауы

Астана. 1 қаңтар. Baq.kz – Еуропа Қазақтары қоғамы федерациясының (FEKA) төрағасы Абдұлқаюм Кесіжи Тәуелсіз Қазақстан халқы мен әлем қазақтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды.

- Қадірлі ағайын, құрметті елдестер! Сіздерді Еуропа Қазақтары қоғамы федерациясы (FEKA) атынан және Еуропа елдерінде тұратын қазақ диаспорасы атынан келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл сіздер үшін, барлық елдестеріміз, қандастарымыз және барша қазақстандықтар үшін зор жетстіктерге қол жететін, ой-мақсаттары жүзеге асатын, арман, үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт отбастарыңызға тыныштық, құт-береке тілеймін. Елімізге құт дарып, әр отбасының дәулеті мен сәулеті жарасып тұрсын. Тәуелсіз Қазақстанымыз алға қарай дами берсін.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер