BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тұрсынбек Астанада ЭКСПО-шар салынатынын 7 жыл бұрын болжаған

Міне, сәйкестікті қараңыз! Астанада үлкен «жанатын шар» салынатынын танымал әзіл-ысқақ актері, сатирашы, тәжірибелі «кывыэнщик» Тұрсынбек Қабатов осыдан 7 жыл бұрын болжапты. «Қалай?» дейсіз ғой... Сенбесеңіз, мына видеоны қараңыз.

2010 жыл. КВН. Жоғарғы Лиганың жартылай финалы. «Қазақтар» (казахи) құрама командасының кезекті қойылымы...

«Қазақтар» Қазақстанға көптеп турист тарту үшін не істеу керектігін қызу талқылап жатыр. Әртүрлі амалдарды айтқан Тұрсынбек елімізде алюминийден жасалған «жанатын шар» салуды ұсынады. Оны көру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен туристер тартылады дейді ол.

Осы қалжыңды айтқан сәтте періштелер «әмин» деп қалған сияқты. Бұйыртса, тура 10 күннен кейін Астана төрінен Тұрсынбектің айтқан «жарық шарына» ұқсас ЕХРО халықаралық көрмесі ғимаратының тұсауы кесіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер