EXPO-2017 көрмесінің нышаны болуға қай маскот лайықты? (ФОТО) - ЭКСПО 2017|04 Тамыз 2014, 17:05
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

EXPO-2017 көрмесінің нышаны болуға қай маскот лайықты? (ФОТО)

АСТАНА. 4 тамыз. BAQ.KZ – Бүгін EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің нышанына дауыс беру кезеңі басталды, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

МАСКОТ ДИЗАЙНЫ БАЙҚАУЫНА 80 ЖҰМЫС КЕЛДІ

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Коммуникация және маркетинг Департаментінің директор Әсел Қожақова:
- ЭКСПО-2017 көрмесінің үздік маскот дизайны бойынша халықаралық байқаудың іріктеу кезеңі 2014 жылдың 20-мамыры мен маусымның 20-сы аралығында өткен болатын. Барлығы жарысқа 80-нен астам жоба түсті. Өздерінің дизайн-жобаларын Бразилия, Мексика, Венесуэла, Португалия, АҚШ, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Испания, Босния және Герцеговина, Бельгия, Литва, Румыния, Польша, Украина, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ресей, Қазақстан және басқа да елдердің дизайнерлері жолдаған. Байқауға түскен жобалардың басты талабы «Болашақ энергиясы» көрме тақырыбына сай келуі тиіс. Сонымен қатар, қабылдаушы ел – Қазақстан Республикасының мәдениетінің ерекшеліктерін айғақтауы басты шарты болды, - дейді.


Бірінші кезең қорытындысы бойынша байқау комиссиясы Көрме бойтұмары құқына таласатын 7 қатысушының жұмысын іріктеп алды. Олардың қатарына Қазақстан мен Украинадан әр түрлі жарнама агенттіктері мен жеке дизайнерлер жолдаған талисмандар кірді.

Бұл жөнінде Әсел Қожақова өзге елдердің қатысушылары Қазақстанның мәдениетін жақсы білмегендіктен олардың жұмыстары іріктеу комиссиясынан өте алмағандығын айтты.

 

 

НЕЛІКТЕН БОЙТҰМАР "МАСКОТ" ДЕП АТАЛАДЫ?


Маскот (француздың «mascotte» сөзінен) – сәттілік пен бақыт әкелетін бойтұмар (талисман), символ. Сөз халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады.

 

 

ІРІКТЕУДЕН ӨТКЕН 7 МАСКОТ

Оларға ЭКСПО-2017 маскот дизайнына дауыс беру сайтынан дауыс бере аласыз.

 

 

МАСКОТТАРДЫ МАҒЫНАСЫ ҚАНДАЙ?

 

КҮНСҰЛУ, ДАУЫЛХАН ЖӘНЕ ТОЛҚЫНАЙ
«Күнсұлу» – біздің планетамызды қыздырып жарық төгетін дана да көркем күн ханшайымы. Оның энергиясына орай мыңдаған күн батареялары жұмыс істейді. «Дауылхан» – біздің шексіз отанымыздың дала желдерінің күшке ие ханы. Оның күшімен электр энергиясының тоқтасыз берілуін қамтамасыз ететін көптеген турбиналар айналады. «Толқынай» – әлемнің барлық құрлықтарын шайып отыратын жас су ханшайымы. Өзінің су күшімен адамдарға көмектесіп, оның күші мен әдемілігі адамды ұйытады.

Мира Қанатова:
- Мен бұл байқау жайында оның аяқталуына 1 апта қалғанда білдім. Содан бастап сарқылмайтын энергия жайныда білімімді жетілдіріп, кішкетай ұлыма қарап отырып ЭКСПО-2017 нышанын ойластырдым. Бұл үш балақай ЭКСПО-ның негізгі нышанында белгіленген жер, су және күн энергиясын бейнелейді.

 

ТӘҢІРІ ЖӘНЕ БӨРІ
Тәңірі – ЭКСПО-2017 қатысушылары мен қонақтарын қолдау үшін Тәңірінің өзімен жіберілген күн шуақты балақан. Өзімен қонақжайлық, қабылдайтын тарап жылулығы мен күшті, күн энергиясын білдіреді. Бөрi – көк қасқыр күшігі, жел белгісін білдіреді, Тәңірінің қуатты және шаршамайтын, адал досы. Олар ұдайы бірге аспан мен даланың шексіз кеңістігі бойынша бірге саяхаттайды.

Берік Ерғалиев:
- Мен өз жұмысымда ежелгі наным-сенімнен туындаған нышандарды белгіледім. Сөйтіп ежелгі мәдениетімізді ЭКСПО-мен байланыстыруды көздедім. Егер байқап қарасаңыз кез-келген дүниежүзілік деңгейде өтетін көрме, сайыс, олимпиадалардың ресми энергетикасы болғанымен нышандары көңілді, мультфильм кейіпкерлерінен тұрады. Сондықтан біз ЭКСПО-ның нышаны ретінде күлімдеп тұрған күн мен кішкентай қасқырды бейнеледік.

 

КҮНСҰЛУ, БӨБЕК ЖӘНЕ ҰЛАН

Барлық қазақ қыздарындай, байсалды әрі қайсар Күнсұлу - Қазақстанның басты символдарының бірі күнді бейнелейді. Оған күн энергиясы бағынышты және ол оны жылу ошақтарын құрып, оны басқару үшін қолданады. Бөбек - су стихиясы мен қазақстандық суаттардың көрсетілуі. Судың өзі сияқты елгезек және жанды Бөбек қолдың бір ғана тиіп кетуімен басқарады. Кішіпейіл Ұлан - елдің бұрынғы көшпелілері үшін маңызды жер символы. Ұлан табиғатпен толық үйлеседі және қолының бір ғана қозғалысымен оның күштерін басқарады.

Юля Курова:
- ЭКСПО-ның негізгі нышаны үш жапырақшадан тұратын болғандықтан байқау туралы естігенде бірден үш кейіпкерден тұратын маскот жасау ойға келді. Сөйтіп біз адам, табиғат және технология ұғымдарын байланыстыра отырып "Күнсұлу, бөбек және Ұланды" ойлап таптық.

ДАНАРА

Данара («тұмар») – ойдан шығарылған антропоморфтық кейіпкер. Сыртқы түрі бұл бойжеткен қыз,. Жастық шақ – энергияның балама көздері бойынша әлемдік жоба қалыптасатын кез. Бұл шақта таным ой мен әрекетке өтетін кез. Бұл кезде оның қолында келешек жұмылдырылған жас мөлшері. Келешек энергиясы!

Данара образы көптеген этникалық құрауыштардан жинақталған, ол Қазақстанның ұлттық және мәдени ерекшеліктерін көрсетіп, оның келбетін әлем санасында бекітеді.

 

ЖАРЫҚ

«Жарық» кейіпкерінің келбеті күн түрінде берілуі кездейсоқ емес. КҮН, күнсәулесіменжылу – жерге, барлық тіршілікке өмір беретін күш.

Күн суреті Қазақстанның мемлекеттік туында да бар, сондықтан Жарық өзімен шынайы қазақстандық келбетті білдіреді. Оның күн келбеті этникалық өрнектермен нақтыланып, шуақтары ЭКСПО-2017 логотипімен жымдасады.

Жарық тұмары энергия үнемдеу идеяларын алға жылжытып Қазақстан келбетін насихаттауға көмектесетін болады.

 

ЭНЕРДЖИК

Энерджик – антропоморфті түрдегі толығымен ойдан шығарылған кейіпкер. Ол өзімен жер стихиясының бірігуі нәтижесінде пайда болған таза тіршілік иесін білдіріп, өзімен бастапқы энергиямен таныстырады.

Оның шығу тегін бастағы «энергенттер» білдіреді – олар ЭКСПО-2017 логотипіндегідей 3 және әрбірі жер энергиясы – От (күн энергиясы), Су (су ағысы энергиясы), Жер (геотермалды энергия) энергияларын білдіреді.

 

АЗАТ, БЕКЕЙ ЖӘНЕ ДАРМЕН

Бүркіт Азат алысты көреді, күн астында ұшу оның символы болып табылады. Жел күшін және энергиясын пайдаланады!

Барыс Бекей биік тауларды паналайды және Қазақстан табиғатының тазалығы мен нәзіктігін білдіреді! Аталған маскот 2011 жылғы 7-ші Қысқы азия ойындарының белгісі болды.

Ал Құлын Дармен қазақ мәдениетіндегі басты жануар бола отырып, Қазақстанның болашақ, өсіп келе жатқан қуатын білдіреді, өйткені қуаттың аттың күшімен өлшенуі бекер емес.

 


ЖЕҢІМПАЗ ҚАШАН АНЫҚТАЛАДЫ?

Байқау шарттарына сай, жеңімпаздар 2014 жылғы тамыз айының 4-і мен 18-і аралығында өтетін халықтық дауыс беру арқылы анықталады.
Көп дауыс жинаған үш жобаның ішінен біреуі жеңімпаз болып танылады.
Байқау нәтижесі 19 қыркүйекте жарияланады.
Жеңімпаз атанған автор лайықты марапатпен қатар, көрменің Маскот брендбугын жасау туралы келісімшартқа қол қояды.
Дауыс беруге қатысу үшін Facebook, Vkontakte, Твиттер немесе Мой Мир әлеуметтік желілерінде тіркелу қажет немесе электронды пошта арқылы арнайы код алып қана дауыс беруге болады. Тіркелген пайдаланушы жеті дизайнның біреуіне ғана дауысын бере алады.
 

 

 

Айнұр РАКИШЕВА, Ғабит МАДАЛИЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер