Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеуге байланысты бензин негізсіз қымбаттауы мүмкін – ҰЭМ - Экономика|03 Қазан 2017, 10:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы жөндеуге байланысты бензин негізсіз қымбаттауы мүмкін – ҰЭМ

Жыл соңына дейін әлеуетті кейбір қауіптердің барысында инфляциялық процестер күшеюі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Айлық инфляция 0,5%-дан төмен болған наурыздан қыркүйекке дейінгі инфляцияның салыстырмалы тұрақтылығына қарамастан, биылғы жылдың соңына дейін төмендегідей әлеуетті қауіптердің аясында инфляциялық процестер күшеюі мүмкін», - деді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, бірінші, маусымдық факторлады ескере отырып және 4-тоқсанда мейрам қарсаңындағы күндердің аясында дәстүрлі түрде жемістер мен көкөністердің және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы өседі.

«Екінші, Павлодар мұнай өңдеу зауытында жоспарланған жөндеуді (20 қыркүйектен 25 қазанға дейін) жүргізу аясында бензин бағасын негізсіз өсуі мүмкін. Бұл қалған тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тарифтердің өсуіне алып келеді», - деді ол.

Сонымен қатар Тимур Сүлейменов инфляция деңгейіне әсер ететін үшінші факторға тоқталды.

«Үшінші, жылыту маусымы кезеңінде бірқатар өңірде қатты отынға бағаның күрт өсуі байқалады. Мысалы қыркүйекте Астана қаласында 19,0%-ға, Алматы облысында 16,4%-ға және Ақмола облысында 10,6%-ға өсті. Сонымен бірге, басқа өңірлерде осы тауарлардың бағасы салыстырмалы түрде төмен», - деді министр.

Кейін ол инфляцияны деңгейін тұрақты деңгейде ұстап тұру бойынша қандай шаралар жүргізілетінін алға тартты.

«Осы қауіптерді теңестіру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге баға мен тарифтің негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдау қажет. Біріншіде, өңірлердің әкімдері Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, өңірлік тұрақтандырушы қорларында негізгі азық-түлік тауарлары қорын қамтамасыз етсін. Сондай-ақ күнделікті баға мониторингін жүргізсін және тапшылыққа жол бермеу әрі нарықты қажетті азық-түлік тауарларымен молықтыру үшін тұрақтандыру қорларының ресурстарын тиімді пайдалансын. Екіншіден, Энергетика министрлігі өңірлердің әкімдерімен бірлесіп жылыту маусымы кезеңінде жанар-жағар май материалдарына бағаның негізсіз өсуіне жол бермесін», - деді Тимур Сүлейменов.

Сөз соңында Ұлттық экономика министрі жылдың соңында инфляция деңгейі 6,9 -7,5 пайыз болуы қажеттігін айтты.

«Жоғарыда аталған алдын-алу шараларын ескере отырып, 2017 жылдың қорытындылары бойынша инфляция деңгейін 6,9-7,5% аралығында болады деп күтілуде», - деді ол


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер