Тимур Сүлейменов: ЕАЭО-ға ортақ электрондық валюта қажет емес - Экономика|19 Желтоқсан 2018, 12:16
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Тимур Сүлейменов: ЕАЭО-ға ортақ электрондық валюта қажет емес

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Еуразиялық экономикалық одаққа ортақ электрондық валютаның енгізілуіне қарсы екенін айтты.

«Бұл мәселені ресейлік ұлттық төлем одағы талқылап жатыр. Оларың бірқатар ұсынысы бар. Бірақ, бұл Ресей тарапының ресми ұсынысы емес. Бұны біздің кез келген ұйым, мысалы Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы ұсынды дегенмен бірдей. Біз бұл ұсынысты қолдамаймыз. Менің саяси, мемлекеттік тұлға ретіндегі пікірім, ұлттық валюта – біздің елтаңба, әнұран сияқты егемендігіміздің нышаны. Сондықтан, біз оны қорғап, дамытып, сақтауымыз керек. Және, қандай да бір квази-, проксивалюталарға жол бермеуіміз қажет», - деді Сүлейменов Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Жаңа жыл қарсаңында азық-түлікті кім қымбаттатып отырғанын айтқан еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер