BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.44 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

«Самұрық-Энерго» АҚ 31,25 млрд кВт/с электр энергиясын өндірген

Алматы, BAQ.KZ. «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық тұтынушылардың 2018 жылға арнап электр энергиясы мен энергетикалық көмірге берген тапсырыстарының бәрін толық қамтамасыз етті. Бұл туралы аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық аса ірі электр энергетикалық холдингтің құрылымындағы өндіруші компаниялар осы жылдың 10 желтоқсанында-ақ электр өндіру бойынша жылдық жоспарларын 100 пайызға орындап үлгерген. Яғни, «Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «О.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қарқынды жұмыс атқарған.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіруші ұйымдары жыл басынан бері 27 желтоқсанға дейін жоспарланған 31,19 млрд кВт/с-тың орнына 31,25 млрд кВтс электр энергиясын өндірді. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың дәл осындай кезеңіне қарағанда 4 млрд кВтс (немесе 15%-ке) артық. Жыл қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-да 31,7 млрд кВт/с электр энергиясы өндіріледі деп күтілуде, бұл Қазақстан бойынша жалпы өндірілетін электр энергиясының шамамен 30%-ін құрайды», - делінген хабарламада.

Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің көмір кеніштерінен жыл басынан бері жоспарланған 40,7 млн тоннаның орнына 44,5 млн тонна көмір жөнелтілген, оның 9,4 млн тоннасы экспортталған. Бұл 2017 жылға қарағанда 4,3 млн тоннаға артық.

«Коммуналдық-тұрмыстық көмірді (КТК) жөнелту де тұтынушылардың тапсырыстарына сәйкес жоспарлы режимде іске асырылуда. КТК бойынша 2018 жылға арналған жылдық жоспар 1 млн тоннаны құрайды, ол 25 қыркүйекте орындалып қойды. Бүгінгі жағдай бойынша 1,51 млн тонна немесе жылдық жоспардың 151 %-ін құрайтын тұрмыстық-коммуналдық көмір сатылды», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда еліміздің аса ірі электр энергетикалық холдингінде энергия өндіруші ұйымдарға (ЭӨҰ) арналған электр энергиясы нарығындағы жаңа ережелерге дайындық жүруде екен. Белгілі болғандай, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап, өндіруші жабдықтың тозу деңгейін қысқарту мақсатында, Қазақстанда қуат нарығы қолданысқа енгізілмек. Ол жаңа энергия кәсіпорындарын құруға, жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуға және қайта құруға мүмкіндік бермек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер