Нығматулин: Бюджеттің әрбір тиыны қатаң бақылауда болуы керек - Экономика|22 Қараша 2017, 11:33
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нығматулин: Бюджеттің әрбір тиыны қатаң бақылауда болуы керек

Мәжілістің жалпы отырысында кейбір конституциялық заңдарға түзетулер енгізуге қатысты заң жобасын талқылау барысында республикалық бюджет қаржыларын қатаң бақылау жағдайы сөз болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Заң жобасы аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығына бөлінген республикалық бюджет қаржыларын тиімді және мақсатты түрде пайдалану тәртібі АХҚО Басқармасы мен Қаржы министрлігінің бірлескен актісі бойынша анықталатыны көзделген.

Осыған орай депутат аталған орталық қызметінен бөлінетін мемлекеттік қаржыны бақылау жайына алаңдаушылық білдірді.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин АХҚО өкіліне орталыққа қаржыны тиімді пайдалануды ескертті.

"Ешкімде әсіресе, АХҚО орталығы басшылығында орталықтың өз бетінше қызмет етуіне мүмкіндік беру, мемлекеттен бөлінген қаржыны бақылау жауапкершлігінен босатады деген ой болмауға тиіс. Орталыққа бөлінген қаржының мақсатты пайдалануы үнемі Есеп комитетінің бақылауында", - деді мәжіліс төрағасы.

Айта кету керек, «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы сот жүйесі, мемлекеттік рәміздер, Конституциялық кеңес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.

Сонымен қатар бүгін парламент депутаттары 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер