BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.44 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Қазақстанның Оңтүстік Кореяға мұнай экспорты 50% артты

Фото: turkystan.kz

Астана, BAQ.KZ. Биыл Қазақстан Оңтүстік Кореяның Орталық Азиядағы басты сауда серіктесіне айналды. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Бұл туралы осы елдің сауда және инвестицияға қолдау көрсету жөніндегі агенттігі мәлімдеді. Аталған органның ақпаратына қарағанда, соңғы 11 айда Кореяның Қазақстанға экспорты 700 миллион 300 мың долларды құраған. Олар негізінен көліктер, құрал-саймандар мен техника.

Ал біздің елден Оңтүстік Кореяға 1 миллиард 270 миллион доллардың тауары жеткізілген. Олар негізінен мұнай мен қазба байлықтары. Сөйтіп биылғы екіжақты сауда айналымы 2 миллиард долларға жеткен. Бұл екі мемлекет қатынасындағы рекордтық көрсеткіш.

«Қазақстан мен Корея арасындағы сауда айналымының артуы мұнай құнының өсуі және Қашаған кен орынының іске қосылуымен байланысты. Қазақстаннан мұнай импорты 2017 жылмен салыстырғанда 50% артқан. Қара алтынды негізінен Esky, Hyundai және JS компаниялары сатып алады. Ал биылғы жылдың басты жобасы - БАКАД құрылысы. Менің ойымша, енді осындай жобаға тендер жарияланатын болса көптеген оңтүстіккореялық компаниялар қатысады», - дейді Сауда және инвестицияға қолдау көрсету агенттігінің сарапшысы Пак Джи Вон.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер