BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандықтар газға 12 млрд теңге қарыз

Фото: Мой город

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Манас Тасыбаев ел тұрғындарының газға 12 млрд теңгеге қарыз екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз жыл сайын осы проблемамен бетпе-бет келеміз. Мысалы, өткен жылы жылыту маусымының соңында газға қарыздың мөлшері 21 млрд теңгені құрады. Бұл біздің компанияға салмақ түсіреді. Қазіргі таңда біз ол қарыздың мөлшерін 12 млрд теңгеге азайттық. Алда жылыту маусымы келе жатыр. Бұл жағдай біздің компанияға кедергі келтіруде. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан аталған мәселеге қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

Осы орайда компания директоры қандай мекемелердің газға қарызы көп екенін айтты.

«Қарызы көп мекемелердің қатарына отын-энергетикалық кешендер жатады. Бұл жағдай біздің тұтынушыларға кері әсерін тигізбейді. Алайда газдың қарызын өтемей жүрген тұтынушыларға ескерту жасағым келеді. Олар газсыз қалуы мүмкін. Көрсетілген қызмет үшін ақша төлеу керек. Өкінішке қарай, тұрғындар да газға қарыз. Біз осы мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді Манас Тасыбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер