Астана, BAQ.KZ. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығы бойынша елімізде электр энергиясының жаңартылған тарифі бекітілді.


Астана, BAQ.KZ. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығы бойынша елімізде электр энергиясының жаңартылған тарифі бекітілді.
«Электр энергиясының ұсынылған шекті тарифі бекітілсін. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру департаменті ҚР бекітілген заңнамасына сәйкес: осы бұйрықтың ҚР Әділет министрлігінде тіркелуін, осы бұйрық тіркелгеннен кейін 10 күнтізбелік күннің ішінде қазақ және орыс тілінде ресми түрде жариялап, ҚР НҚҚ Эталонды бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын, аталмыш бұйрықты ҚР Энергетика министрлігінің интернет-ресурсына жариялануын қамтамасыз етсін», - делінген министрдің бұйрығында.
Сондай-ақ 2019 жылдан бастап тариф 2025 жылға дейін өзгермейді.
«Астана-Энерго» АҚ-ның (9 топ) шекті тарифтері 1 киловатт сағатқа 4,89 теңге, «Алматы электр станциялары ЖЭС-1,2,3» АҚ, «Қапшағай» ГЭС, «Каскад ГЭС» (26-топ) ) - 8.33, Екібастұз ГРЭС-1 - 5.76 теңге.
Бұйрық 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!