Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жыл соңында азық-түлік бағасы неліктен қымбаттағанын және бұған қарсы қандай шаралар қабылданатынын айтты.
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жыл соңында азық-түлік бағасы неліктен қымбаттағанын және бұған қарсы қандай шаралар қабылданатынын айтты.
Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистер елімізде азық-түлік бағасы күрт өсіп кеткенін айтып, осыған қатысты министрден түсініктеме беруді сұрады. Дегенмен, ведомство басшысы қазір жеміс-жидек, көкөніс, өнеркәсіп өнімдері, қызметтер, жалпы 500-ден астам тауар бойынша жағдай тұрақты екенін айтты.
«Қазір Үкімет Президенттің тапсырмасына сәйкес тарифтерді төмендету бойынша жұмыс атқарып жатыр. Біз 5-7 пайыз (инфляция-автор ескертпесі) шегінде боламыз деп ойлаймын. Менің ойымша, бұл (қымбатшылық-автор ескертпесі) болжауға болатын үрдіс. Бұл белгілі біреулердің жасап отырған әрекеті емес. Бұл біз күнде көріп жүрген адамдардың, яғни біздің туыстарымыздың, өздерінің бизнесі, шағын дүкені бар, базарда жұмыс жасайтын азаматтардың әрекеті. Бұны түсінуге болады. Себебі біз нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Сұраныс көп болғанда, әрдайым баға өседі. Мəселен, бұған қонақүй бөлмелерін мысалға келтіруге болады. Оларда қыста бір баға, жазда басқа баға. Бұл нарық. Бұған дайын болу керек. Сондықтан, мемлекет әдейілеп, қандай бір әлеуметтік тауарларды, мысалы қиярды жазғы бағамен сатқыза алмайды. Егер біз нарықта өмір сүргіміз келсе, біз оның артықшылықтарын да, бағаның өсуімен байланысты жағдайларды да қабылдауымыз керек. Қайталап өткім келеді, бұны министрлік, Үкімет жасап отырған жоқ. Бұл нарық субъектілерінің, яғни біздің достарымыздың, әріптестеріміздің, серіктестеріміздің және тағы басқалардың әрекеті. Бұл маусымдық жағдай», - деді Сүлейменов Мәжіліс кулуарында берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, тауар бағасын тым қымбаттатып жіберген азаматтар, бағаның шегін білмейтін адамдар монополияға қарсы реттеу құралдары арқылы жазаланады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!