Бюджет жобасында зейнетақы саласына 6,7 млрд теңге бөлу көзделген – Сұлтанов - Экономика|19 Қазан 2017, 11:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бюджет жобасында зейнетақы саласына 6,7 млрд теңге бөлу көзделген – Сұлтанов

Бүгiн Сенатта ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасын таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бюджет шығыстарының бағыттарына тоқталсақ, бiрiншi бағыт – адами капиталды дамыту. Бюджеттiң әлеуметтiк бағыты сақталған. Үш жылда әлеуметтiк салаға қарастырылған қаржы көлемi 13,4 трлн теңгенi, 2018 жылы 4,1 трлн теңгенi немесе жалпы шығыстар көлемiнiң 44,6 пайызын құрайды. 2020 жылға қарай бұл көрсеткiш 47,4 пайызға жетедi. Әлеуметтiк шығыстардың негiзгi көлемi ел азаматтарын әлеуметтiк жағынан қамтамасыз етуге және әлеуметтiк көмек көрсетуге бағытталған. Жоспарланған кезеңде аталған бағытқа 8 707,5 млрд теңге бөлу көзделген. Оның iшiнде 2018 жылы 2 612,9 млрд теңге қарастырылған, бұл биылғы жылғы көрсеткiштен 473 млрд теңгеге немесе 22,1%-ға артық», - деді министр.

Сұлтановтың айтуынша, әлеуметтiк саладағы өсiм зейнетақы төлемдерiнiң ұлғаюымен байланысты. Бұған үш жылдық бюджетте 6 761,4 млрд теңге қарастырылған. Қаржының ұлғаюы негiзгi факторлармен: зейнетақы алушылар санының 40-44 мыңға артуымен, инфляцияға байланысты төлемнiң қайта есептелуiмен, сондай-ақ, зейнеткерлердi әлеуметтiк қолдауды күшейту шараларымен байланысты.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақы төлемiн тағайындау тәртiбi өзгерiп, оның көлемi үш кезеңмен ұлғайтылады.

Осылайша, 2018 жылы орташа бiрегей зейнетақы көлемi биылғы жылғыдан 3 849 теңгеге артып, 56 059 теңгенi құрайды. Ал мемлекеттiк базалық зейнетақы көлемi орташа алғанда 10 990 теңгеге артып, 25 456 теңгенi құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер