BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Brent маркалы мұнайдың бағасы соңғы екі жылда алғаш рет 67 доллардан асты

Ливиядағы мұнай құбыры жарылғаннан кейін Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 67 долларға жетті. Шетелдік сарапшылар мұнай бағасының мұнымен тоқтамай, 70 долларға дейін өсуі мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Соңғы рет мұндай баға 2015 жылдың 18 мамырында қойылды. Бүгін Астана уақытымен сағат 07:40 шамасында Brent ақпандық фьючерстерінің бағасы барреліне 66,69 долларға дейін өсті. Мұнымен қатар, сарапшылардың айтуынша, осы апта ішінде АҚШ шикізаты қоры болжағаннан да көбірек қысқарса, Brent мұнайы баррелінің бағасы 70 долларға дейін өсуі мүмкін.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, жарылыс Эс-Сидр порты маңында болған. Аталған жарылыс болған мұнай құбырының операторы - Ливияның National Oil, американың Hess, Marathon Oil және Conoco Phillips корпорацияларымен бірігіп жұмыс істейтін Waha Oil.

Жарылыс салдарынан Эс-Сидр экспорты 20%-ға, яғни тәулігіне бір баррель үшін 90 мыңға төмендеді. Мұнымен қатар, 11 желтоқсаннан бері мұнай тасымалдайтын Forties Pipeline System құбыр жүйесі істен шықты. Ол Солтүстік теңіздің 85 жерінен шығатын мұнайды бір баррелі үшін 450 мың бағамен тасымалдайтын еді. Аталған мұнай құбырының операторы Ineos оны жуық арада іске қосуға уәде берді. Әзірге ол тестілік режимде жұмыс істеп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер