Бензин бағасы түсуі мүмкін – Қанат Бозымбаев - Экономика|11 Сәуір 2018, 16:03
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бензин бағасы түсуі мүмкін – Қанат Бозымбаев

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатынан кейін бензин бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шарада «Халық Барысы» атты жаңа спорттық жоба туралы сөз қозғалған болатын. Журналистердің бірі бензин бағасының қымбаттап жатқаны туралы сұрағанда министр оған былай деп қысқа жауап берді.

«Қазақстанда бензин тапшылығы жоқ. Менің ойымша, бензин бағасы түсуі мүмкін. Өйткені қазіргі уақытта бензин көлемі артығымен бар», - деді Қанат Бозымбаев.

Алайда ол қаншалықты арзандайтынын нақты айтпады. Валюта бағамының өзгеруіне байланысты сұрағанда шараның спорт туралы болып жатқанын айтып, пікір білдірмеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер