BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жолаушы тасымалдайтын ұшақтар ЕАЭО елдері ішінде салықтан босатылды

Астана. 14 қаңтар. Baq.kz - Жолаушы тасымалдайтын ұшақтар Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішінде кедендік құн салығын төлемей-ақ, ұша алатын болды. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы "Іскерлер уақыты" бағдарламасы хабарлайды.  

Одақ комиссиясы әуе кемесін салықтан босату жайлы шешімге Қазақстанның ұсынысынан соң келген. Енді 50 мен 300 адам арасында жолаушы тасымалдайтын ұшақтарға кедендік салық төлеу қажет емес. Тіптен одаққа мүше емес, елдер аумағынан тыс жерде қайта жөндеуден өтіп келген әуе кемелеріне де салық төленбейді. Ал, өткен жылы Қазақстан жалпы құны 95,5 миллион доллар тұратын 6 лайнер сатып алған. Ал елімізде әуе тасымалымен 47 компания айналысады.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер