BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Вьетнаммен Кеден одағы арасындағы ынтымақтастық кеңейюде

Астана. 27 қазан. Baq.kz – Қазіргі кезде ЕЭК Кеден одағы тараптарымен бірлесіп КО пен Вьетнам Социалистік Республикасы форматындағы еркін сауда аймағын құру туралы Келісім жасау бойынша бірқатар жұмыс жүргізуде. Еркін сауда аймағын құру өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық тауарлары үшін кеден тарифтерін кезең-кезеңмен жоюды, яғни сыртқы экономикалық қызмет аясында сауданы ырықтандыруды қарастырады. Сонымен қатар, тараптар арасындағы өзара ынтымақтың жарасым табуынан Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы елдер арасында да тауарайналымы қарқын ала түсетіні сөзсіз, - деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Осылайша, отандық кәсіпорындардың экспорттық/импорттық әлеуетін анықтау, сондай-ақ тауарға «шыққан жері» мәртебесін беру үшін орындалуы қажет тауарлардың шығу тегі өлшемдерін әзірлеу мақсатында (Вьетнаммен еркін сауда туралы келісім аясында (бұдан әрі – ЕСА) отандық тауардың тарифтік артықшылықтар алуы үшін және дәл осылай Вьетнам тауарларына қатысты) қараша айынығы алғашқы жетісінде ҰКП алаңында аталмыш мәселелерге түсінік беру мақсатында семинар өткізілу жоспарлануда.
Іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның, Ұлттық экономика министрлігінің, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілдері қатысады күтілуде.
Семинар барысында мына мәселелерді талқылау жоспарлануда: - отандық өндірушілердің экспорттық мүдделілігі; - еркін сауда режимін қолданумен тауарлар саудасы; - ЕСА аясында серіктестердің өзара мүдделерінің қанағаттандырылуы; - серіктес ел нарығына тауарларды бажсыз енгізудегі негізгі құрал ретінде тауарлардың шығу тегін анықтау ережелері; - Қазақстан өндірушілері үшін проблемалы Вьетнаммен ЕСА аясында әзірленетін тауарлардың шығу тегі өлшемдерін талқылау болып отыр.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер