Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруында ЕАЭО үлесі зор – М. Мұқанов - ЕАЭО|17 Қазан 2015, 15:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруында ЕАЭО үлесі зор – М. Мұқанов

Астана. 17 қазан. Baq.kz – Бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында брифингте Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруында ЕАЭО-тың үлесі зор болатындығын атап өтті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Күні кеше ғана Бурабайда өтен ТМД Мемлекет басшыларының басқосуының соңы ЕАЭО елдері Президенттерінің бірқатар мәселелерді талқылауымен жалғасын тапқан болатын. Ол жерде аталған ұйым аясында Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыртылуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Жібек жолы экономикалық белдеуі бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қызметін үйлестіру мен негізгі экономикалық даму бағыттарын нақты түсіндіретін құжаттарға да қол қойылды. Міне, бұл болашақта Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыртылуында ерекше маңызға ие құжат болатындығы сөзсіз, - дейді Мақсат Нұрдәулетұлы.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Бурабай баурайында өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения басшысы Серж Саргасян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметін анықтайтын 15 құжатқа қол қойған болатын.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер