BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Таиланд ЕАЭО-мен Еркін сауда туралы келісімге отыруға мүдделі

Астана. 11 қаңтар. Baq.kz – Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марат Есенбаев Таиланд Сауда министрі Апиради Тантрапорнмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында тараптар 2015 жылғы Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының аралық қорытындысын жасап, 2016 жылы екіжақты және көпжақты форматтағы өзара әрекеттестіктің болашағын талқылады.

Қазақстан Елшісі тай министрін Қазақстанның ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етіп, Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберіндегі дамуының болашағын атап өтті.

А. Тантрапорн «Қазақстан мен Таиланд сауда және инвестиция салаларындағы өзара әрекеттестікті кеңейтуде жоғары әлеуетке ие екенін» атап өтті. Сонымен қатар, министр Қазақстанды Дүниежүзілік сауда одағына кіруімен құттықтап, елдер арасындағы сауда-экономикалық алмасуды әртараптандыруға ниет білдірді.

Тараптар АСЕАН (Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы) Экономикалық қауымдастығы мен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі серіктестік мүмкіндіктерін де талқылады. Таиланд Сауда министрі ЕАЭО қатысушы мемлекеттермен Еркін сауда туралы келісімге отыру мүмкіндігін талқылауға ниет етті.

Келіссөздер барысында тараптар екі ел кәсіпкерлеріне байланыс орнатуда қолғабыс етудің маңыздылығын атап өтті. Сұхбаттастар жаһандық экономиканың құлдырауы кезіндегі бизнес белсенділігі, серіктестер іздеу мен жаңа жобаларды іске асыру ел экономикасы өсуінің маңызды қозғалтқышы болып табылады деп ортақ пікір білдірді. Осы мақсатта жаңа сауда-инвестициялық жобаларды талқылау үшін 2016 жылы Қазақстанға сауда миссияларының сапарларын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер