BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сенаторлар ЕурАзЭҚ қызметін тоқтату туралы құжатты мақұлдады

Астана. 19 желтоқсан. Baq.kz – Парламент Сенатының бүгінгі отырысында "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасын Сенат депутаттары бірауыздан мақұлдады, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Айта кетейік, аталған заң жобасы жөніндегі баяндаманы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов жасаған болатын.

- Естеріңізде болса, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартқа ағымдағы жылдың қазан айында Минсткіде қол қойылған болатын. Ондағы мақсат, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен оның органдары: Интеграциялық комитет Хатшылығының, Парламентаралық Ассамблеяның және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотының, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық комитетінің жанындағы қосалқы органдар мен салалық кеңестердің қызметін тоқтату болып табылады. Сонымен қатар, өзара ынтымақтастығы жарасқан елдер арасында бір-біріне ұқсайтын немесе бір-бірін қайталайтын экономикалық қауымдастықтардың қызмет етуі қисынсыз екені түсінікті болса керек. Сондықтан да аталған заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын, - деді Ерлан Әбілфайызұлы.

Министрдің айтуынша, заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойылған соң ғана ол күшіне енеді. Ал осы кезге дейін тараптар арасында қабылданған 150 шарттың 90-ны ешбір өзгеріссіз қалып, 60 құжаттың күші жойылады екен.

Ал өз кезегінде Сенат депутаттары аталған заң жобасын бірауыздан мақұлдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жіберді.


Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер