BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Саясаттанушы: ЕО мен ЕАЭО-ның ынтымақтастығы Еуропа үшін пайдалы

 АСТАНА. 4 қазан. BAQ.KZ – ЕуроОдақтың Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) экономикалық ынтымақтастығы АҚШ-пен трансатлантикалық одақтан тиімдірек, деп мәлімдеді РИА Новости агенттігіне белгілі польшалық саясаттанушы, Геосаяси сараптаманың еуропалық орталығының директоры Матеуш Пискорский.

 РФ Президенті Владимир Путин жұма күні Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты ратификациялау туралы заңға қол қойғанын хабарлаған. Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктен интеграцияның келесі сатысына өтуін көздейтін Ресей, Беларусь және Қазақстанның уағдаластығын білдіретін құжатқа мамыр айында осы елдердің басшылары қол қойды. Осылайша, ТМД кеңістігінде 170 млн адамды қамтитын ірі ортақ нарықтың құрылу үрдісі аяқталып келеді. Ол экономикалық дамудың жаңа қуатты орталығы болмақ. Федерация кеңесі бұл келісімшартты сәрсенбі күні ратификациялаған.

"Еуроодақ үшін серіктес бола алатын қуатты бәсекелесі ЕАЭО пайда болды", - деді Пискорский.

Оның сөзіне қарағанда, Ресей, Беларусь және Қазақстан интеграциялық экономикалық жобаны жүзеге асыруда. "ЕАЭО-мен ынтымақтастық Еуропа үшін Лиссабоннан Владивостокқа дейін еркін сауда аймағын құру бойынша стратегиялық жоба бола алады", - деп атап өтті геосаяси сараптаманың еуропалық орталығының директоры.

Алайда, Пискорскийдың пайымынша, "Еуропа алдында АҚШ-пен трансатлантикалық интеграция немесе ЕАЭО-мен ынтымақтастық стратегиялық таңдауы тұр.

"Әзірге ЕО Вашингтонға басымдық беріп отыр. АҚШ Еуропаны осынау таңдау жасауына мәжбүрлеуде", - деп есептейді польшалық сарапшы.

Егер Еуроодақ Ресейге экономикалық қысым келтіріп, жаңа санкциялар енгізе берсе, онда ЕАЭО мүше елдері өзге елдермен экономикалық байланыс орнатады. "ЕАЭО үшін Үндістан, Иран, Түркия серіктес бола алады. Бұл жақсы мүмкіндіктер", - деп есептейді Пискорский.

"Еуропа қазір азаматтары үшін қайсысы пайдалы екенін ойлауы тиіс. Менің пікірімше, ЕО-ның стратегиялық серіктесі ЕАЭО болуы тиіс. Болашағымызды ойлауымыз керек", - деді геосаяси сараптаманың еуропалық орталығының директоры.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер