BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ресей ЕАЭО елдері үшін жеке сауда жасау режимін ұсынады

Астана. 5 қаңтар. Baq.kz - РФ үкіметі мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігіне қажетті өнеркәсіптік өнімдер сатылымын бақылауды жетілдіруге бағытталған бірнеше шараны қолға алды. REGNUM АА тілшісінің хабарлауынша, 5 қаңтарда осы шараларға сәйкес қаулы РФ үкіметінің ресми сайтында жарияланды.

Бұған дейін, 2013 жылы РФ үкіметі мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігіне қажетті тауарларды шет елден алуға тыйым салған еді. Сонымен қатар, Ресей аумағында өндірілмейтін тауарларды растау қажет болатын. Енді жаңа қаулыға байланысты «ЕАЭО мемлекеттеріне тізімдегі тауарларға қатысты ұлттық режим ұсынылады».

Құжатта Ресейде шығарылған тауарларды анықтайтын белгілер тізімі бар.

«Қолға алынған шаралар сауда жасау механизмінің тиімділігін арттыру мен импортты алмастыруға бағытталып отыр. Мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігіне қажетті өнеркәсіптік өнімдерді бақылауды басты нысана еттік»,- деп мәлімдеген РФ үкіметі. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер