BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Рахым Ошақбаев: Қазақстан Үкіметінің бизнес-қауымдастыққа берген мүмкіндіктері теңдессіз

Астана. 22 мамыр. Baq.kz – Ресейлік те, белорустық та бизнес-қауымдастықтары елдің позициясын қалыптастыруға қатысу туралы айтпағанда, оларда тіпті шарттың өзекті нұсқалары да жоқ, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлімдеді.

 

ҚР ҰКП ЕЭҚ туралы шарт жобасын дайындау барасында Астана, Мәскеу және Минск қалаларындағы сарапшы топтардың отырысына қатысқандығын айтқан Рахым Ошақбаев:
- Қазақстан Үкіметінің бизнес-қауымдастыққа ЕАЭҚ заңнамасын қалыптастыруға қатысу бойынша берген мүмкіндіктері теңдессіз. Салыстыру үшін айтатын болсам, ресейлік те, белорустық та бизнес-қауымдастықтары елдің позициясын қалыптастыруға қатысу туралы айтпағанда, оларда тіпті шарттың өзекті нұсқалары да жоқ. Біз қазақстандық тарап келіссөздер барысында бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен бизнес-қауымдастықтың ұсыныстарының басым көпшілігін қорғап қалдық. Біз бұрынғы тәжірибе негізінде кодификацияланған шартты экономикалық прагматизм тұрғысынан Кеден одағының қолданыстағы нормативтік базасын жақсартуға мүмкіндік ретінде қарастырдық.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер