BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Орынбордың іскерлік делегациясы Оралға келмек

Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бүгін өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі дәстүрлі брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
 

- Алдағы айдың оныншы жұлдызына қарай, біз Ресейдің Орынбор облысының іскер топ өкілдері ресми сапармен келеді деп жоспарлап отырмыз. Өйткені, осы кезге дейін БҚО кәсіпкерлері көрші елдің шекараласатын бес облысын түгелдей аралап, өзара қарым-қатынасты жаңа сатыға көтеріп қайтқан болатынбыз. Енді орынборлық серіктестеріміз біздің аймаққа келіп, өндірістік әлеуетімізбен жақынырақ танысуға бейілді. Бұдан біздің ұтатынымыз сол, тауарларымызды шикізат күйінде емес, өңделген дайын өнім ретінде нарыққа шығаратынымыз. Себебі, соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауымен Қазақстан бизнесті өте белсенді қолдауда. ЕЭО өз қызметіне кіріскеннен кейін де, мемлекет қаржылық қолдау мен әкімшілік кедергілерді жою жұмыстарын жүргізуді тоқтатпайтын болады. Мұндай игі шара ел экономикасының игілігі үшін қажет деп ойлаймын, - деді Нұрлан Асарұлы.
 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

Суретті түсірген – Азат ЕСЕМБЕКОВ 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер