BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев: Цифрландыру – экономиканың қозғаушы күші

Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» ЕАЭО форумы өтіп жатыр. Форумда сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысушыларға жолдаған хатын оқып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Әлем жылдам әрі түбегейлі түрде технологиялық өзгерістерге ұшырауда. Ұлттық экономика мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда цифрландыру негізгі факторға айналып отыр. Цифрландыру - экономиканың қозғаушы күші. Әлемдік ұйымдар мен ЕАЭО да осы цифрландыруға баса мән беріп отыр. Бүгінгі форум цифрландыру бағытында жасалған маңызды қадамдардың бірі. Біздің Еуропалық экономикалық одақ та дәл осылай 2025 жылға дейін жасалатын цифрландыруға қатысты күн тәртібін енгізді», - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың хатында.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтіп жатыр. Отырыс аясында инновацияларды және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, базалық интеграциялық жобалар, Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік цифрландыру және ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері талқылануда.

Форум жұмысына Арменияның Премьер-Министрі - К. Карапетян, Беларусьтің Премьер-Министрі - А. Кобяков, Қазақстанның Премьер-Министрі - Б. Сағынтаев, Қырғызстанның Премьер-Министрі - С. Исаков, Ресейдің Премьер-Министрі - Д. Медведев, сондай-ақ Әзірбайжан мен Тәжікстанның ресми делегациялары келді.

Еске салсақ, 2017 жылғы қазанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарын бекітті, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасын қолдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер