BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев: Еуразиялық экономикалық одақ сұранысқа ие

Фото: Азамат ӘЛИЕВ

Бүгiнгi күнi Еуразиялық экономикалық одақпен бiрқатар елдер еркiн сауда аймағын құрып, ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, қазiргi уақытта ЕАЭО сұранысқа ие. Бұл туралы Қазақстан Президентi Астанада Қазақстан мен Ресей өңiраралық ынтымақтастық форумы аясында өтiп жатқан бизнес-форумда айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiз сiздермен бiрыңғай экономикалық кеңiстiкте жұмыс iстеп жатырмыз. Кедендiк одақтан толыққанды өңiрлiк бiрлестiк - Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Бүгiнде одаққа бес мемлекет кiредi. Вьетнаммен еркiн сауда аймағы жөнiнде келiсiм жасалды», - дедi Президент.

Ал қазiр Қытай, Оңтүстiк Корея және Сингапур Еуразиялық экономикалық одақпен еркiн сауда аймағын ашуға ынта танытып отыр.

«Сондай-ақ Үндiстан, Египет, Иран секiлдi мемлекеттер ЕАЭО-мен ынтымақтастықты дамытуға ниеттi. Бұл бiздiң Еуразиялық экономикалық одақ сұранысқа ие деген сөз», - дедi Н.Назарбаев.

Айта кетсек, Қазақстан мен Ресейдiң өңiраралық ынтымақтастық форумы 2003 жылдан бастап өткiзiлiп келедi. 2015 жылы Сочиде өткен форум «Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ынтымақтастық және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету» тақырыбын арқау еткен едi.

Қазiргi кезде Қазақстанда ресейлiктердiң қатысуымен 6453 компания жұмыс iстеп жатыр. Олар мұнай мен газ өндiру, өңдеу өнеркәсiбi, көлiк, байланыс, машина жасау, ғарыш, атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану сияқты салаларда ашылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер