BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев: ЕАЭО жаңа сын-қатерлер жағдайындағы күрделі жұмыстарға дайын болуы қажет

Астана. 23 желтоқсан. Baq.kz - ЕАЭО жаңа сын-қатерлер жағдайындағы күрделі жұмыстарға дайын болуы қажет. Бұл туралы бүгін Мәскеуде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Бірыңғай мықты экономикалық фундаментті құра отырып, біз елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы достығымызды, тату көршілігімізді, сенімді нығайтып жатырмыз. Бүгін біз бейбітшілік, келісім, өзара қолдау мен елдеріміз үшін тиімді болатын берік ұзақмерзімді бағытты айқындап отырмыз. Экономикалық ықпалдастыққа түскен барлық елдер саяси зайырлылығын, халықтарының тәуелсіздігі мен тілдік ерекшелігін нығайтып отыр», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы әлемдік нарықтардың тұрақсыздығы, санкциялық саясат, жетекші державалар арасындағы сенімнің әлсіреуі, әскери-техникалық, ушығып отырған саяси қауіп-қатерлер Еуразиялық экономикалық одаққа әсер етпей қоймайтынын атап өтті.

«Біз бұл қауіп-қатерлердің барлығын ескердік. Сондықтан, біз жаңа сын-қатерлер жағдайындағы күрделі жұмыстарға дайын болуымыз қажет», - деген пікірін білдірді Елбасы.
Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер