BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Медведев криптовалюта мәселелерін ЕАЭО аясында шешуді ұсынды

ЕАЭО мемлекеттерінің криптоактивтері ұлттық модель аясында қалып қоймауы тиіс. Мемлекеттер экономикасы бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, бұл мәселеге асқан ыждахаттылықпен қарау керек. Барлығын одақ көлемінде реттеп отырмасақ, бұл принциптерді бір мемлекетке ғана енгізе алмаймыз. Осылай деп мәлімдеді Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Алматыда өткен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы аясында, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, криптоактивтерге қатысты халықаралық конвенциялар дайындалуы тиіс.

«Қазақстандық достарымызға пайдалы форум үшін алғыс айтамын, оны өткізу бастамасын қолға алған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметім шексіз. Цифрландыруға қатысты шараларды аз уақыт ішінде жүргізу мүмкін емес. Тіпті, алдыңғы қатардағы мемлекеттердің өздері мұны жасай алмайды. Мемлекеттер арасындағы айырмашылық тым жоғары. Цифрлық теңсіздік те бар. Иә, цифрлар біздің экономикамыздың ажырамас бір бөлігіне айналды. Біздің барлығымыз белгілі бір бағдарламаларды жүзеге асырып келеміз. Бірақ, цифрлық теңсіздікті әлі күнге дейін жоя алмадық. Ал бұл - негізгі кілт. Сол себепті, біз айтарлықтай жылдам қозғалуымыз керек. Нарықты біріктіріп, жеке инфрақұрылым түзуімізге тура келеді», - дейді ол.

Мұнымен қатар, премьер-министр криптовалютаға қатысты шараларды да ЕАЭО аясында қарауды ұсынды. Халықаралық конвенция болмаған жағдайда экономиканың бұл саласында түсінбестіктер орнауы мүмкін екенін айтып өтті.

«Криптовалютаға қатысты айтар болсам, бұл мәселе ұлттық модель аясында қалып қоймауы тиіс. Осы жерде әріптестер криптовалютамен төлемдер жүргізуге болатынын айтты. Экономикаларымыз тығыз байланысты болғандықтан, осы мәселеге де баса назар аударайық. Мұны бір мемлекетке енгізіп қою жеткіліксіз, оны ЕАЭО аясында қарастыруымыз керек», - дейді Ресей премьері.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер