Мәжіліс көлік паспортының бірыңғай нысандарын енгізетін заң жобасын мақұлдады - ЕАЭО|11 Қараша 2015, 11:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжіліс көлік паспортының бірыңғай нысандарын енгізетін заң жобасын мақұлдады

 Астана. 11 қараша. Baq.kz - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.

 Бұл келісім 2014 жылдың 15 тамызында Мәскеуде жасалған. Келісімге сәйкес, көлік құралдарының және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелері қолданысқа енгізілгенге дейін көлік төлқұжатының бірыңғай нысандары пайдаланылатын болады.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің заң жобасы бойынша әзірлеген қорытындысында атап көрсетілгендей, көлік және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарына қойылатын талаптар мен оларды толтыру тәртібін, сондай-ақ электрондық паспорт жүйесінің жұмыс істеу тәртібін Еуразиялық экономикалық комиссия бекітіп, айқындайды.

Бүгінгі күні бұл келісімді Беларусь мемлекеті ратификациялаған. Сондай-ақ, бұл құжатқа Қырғыз Республикасы қосылып отыр


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер