BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәскеуде ЕАЭО мүше елдердің көліктік кешенін ұйымдастыру мәселелері талқыланды

 Астана. 3 желтоқсан. BAQ.kz – Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Энергетика және инфрақұрылым бойынша коллегиясының мүшесі (Министр) Таир Мансұровтың төрағалығымен Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативті комитеттің 4-отырысы өтті.

Қатысушылар теміржол көлігіндегі қауіпсіздік сертификатын берудің тәртібі мен талаптарының ортақ тәсілдемесінің жобасын мақұлдады. Бұл тақырыптар 2015 жылы 4 желтоқсанда өтетін ЕАЭО мүше-мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының төртінші кеңесінде талқыланады.
Консультативті комитеттің аясында белорусь жағының «ЕАЭО мүше-мемлекеттердің халықаралық автокөлік тасымалдаушылары жұмысының болашағын бағалау және автомобиль көлігін пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсынысы да қаралды. Бұл мәселені автомобиль көлігі жөніндегі шағын комитетте қосымша қарастыру туралы шешім қабылданды.
Кезесуде Қазақстан тарапының «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясы Кедендік одағының біртұтас кедендік тарифі туралы» ұсынысы, сонымен бірге Ресей тарапының азаматтық жолаушылар ұшағының жекелеген түрлеріне жеңілдіктерді 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуға қатысты КО комиссиясының шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсынысы қолдау тапты. Аталған мәселе 2015 жылы 2 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында талқыланады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер