BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәсімов пен Шөкеев Халықтар достығы орденімен марапатталды

Астана. 27 ақпан. Baq.kz - Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевті ЕАЭО туралы шартты әзірлеуге, сондай-ақ интеграциялық процестерді кеңейтуге қомақты үлес қосқаны үшін марапаттады, - деп хабарлайды BNews.kz.

«Беларусь Президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты әзірлеуге, интеграциялық процестерді кеңейтуге, Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қомақты үлес қосқаны үшін Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімовті, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевті, Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворковичті, Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловты Халықтар достығы орденімен, сондай-ақ Ресей Федеральдық жиналысы Мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкинді Құрмет орденімен марапаттады», - делінген Беларусь Президенті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тиісті Жарлыққа Александр Лукашенко 26 ақпанда қол қойды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер