BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚР ҰКП басқарма төрағасы: Біз бәсекелестікке дайын болуымыз керек

АСТАНА. 5 маусым. BAQ.KZ – Жетісу халқының 76 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Олардың негізгі кәсібі – жер игеріп, түрлі дақылдар өсіру.

Бірақ өнімдерін өткізуде шешілмеген сұрақтар көп. Бұл ақпараттық жұмыстардың аздығынан болып отыр. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесу барысында осылай деп мәлімдеді. Қазір шаруа адамына ыңғайлы мемлекеттік бағдарламалар көп. Оған қалай қатысуға болатынын көпшілікке түсіндіру қажет. «Облыстық кәсіпкерлер палатасының аудан-қалалардағы 19 филиалыосы жұмыстарды қолға алып, халықпен тығыз байланыс орнатуға тиіс», - деді ол. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысының айтуынша, жақында республика кәсіпкерлерінің бірінші съезі өтеді. Кәсіпкерліктің бүгінгі жай-күйі мен келешегісол жиында жан-жақты сөз болмақ.

 
Абылай Мырзахметов, ҚР ҰКП басқарма төрағасы:
- Жақында ғана біз тарихи оқиғаның куәсі болдық. Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Ол да жаңа талап, жаңа жағдай туғызып отыр. Сондықтан оны да ақылдасуымыз керек. Біз бәсекелестікке дайын болуымыз керек, мықты болуымыз керек. Осы мәселені де кәсіпкерлер бірігіп, Үкіметпен ақылдасып, өзіміздің жоспарымызды құруымыз керек. Съездің алдында осындай-осындай үлкен мақсаттар қойып отырмыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер