BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Контрафактілі өнім нарығы миллиондаған адамды жұмыстан айыруда

Астана. 21 мамыр. Baq.kz – Контрафактілі және пираттық өнім нарығы әрбір елде миллиондаған адамды жұмыстан айырады.

Бұл жөнінде VII Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан «Антиконтрафакт» халықаралық форумын ашқан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Контрафактілі және қолдан жасалған өнімді таратудан тек құқық иеленушілері мен шығарушылар емес, сонымен қатар миллиондаған тұтынушылар зардап шегетіндігін айтқан ол:
- Бүгінгі күні контрафактілі өнімнің айналымы өз ауқымын арттырып отыратын жаһандық сипатқа ие болды. ЭЫДҰ-ның 2011 жылғы есебіне сәйкес 2008 жылы өткізілген жасанды өнімнің құны дүниежүзі бойынша 285-360 млрд АҚШ долларын құрады. Заңсыз әрекеттің нәтижесінде әлемдік экономика жыл сайын шамамен 650 млрд АҚШ долларын жоғалтуда. Көлеңкелі экономиканың осы секторын бәрінен бұрын салық салудан түсетін табыстарға жағымсыз әсерін тигізеді, сыбайластық жемқорлықты туғызады және оған дем береді. Бұдан басқа контрафактілі және пираттық өнім нарығы әрбір елде миллиондаған адамды жұмыстан айырады, - деді ол.

Айнұр Ракишева


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер