BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

КО аясында БАЖ құру арқылы жұмысты жеңілдеткіміз келеді – Б. Қанешев

Астана. 3 қараша. Baq.kz – Бүгін Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетовтің төрағалақ етуімен өткен кеңейтілген жиында сөз алған Инвестициялар және даму жөніндегі министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Бүгінгі таңда біздің тарапымыздан Кедендік одақтың талаптарын орындау мақсатында «Техникалық реттеу туралы» заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ұсынылды. Сонымен қатар, тіркеу бойынша бірыңғай ақпараттық жүйені (БАЖ) құру мақсатында инвестициялық ұсыныс та жасадқы. Осылайша, біз ақпараттық жүйемізді біріктіргіміз келеді және осылайша жұмысты жеңілдетеміз, - деді ол өз мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Комитет төрағасының түсіндіруінше, қазіргі қолданыстағы «Сәйкестікті бағалау» саласындағы заңнамада көрсетілген ережені бұзғаны үшін нарық субъектілерінің жауапкершілігін арттыру қажет көрінеді. Сондықтан да метрология саласының мамандары нарыққа қатысушылардың жауапкершілігін енгізуді ұсынып отырған сыңайлы.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс комитетінде тұтынушы өнімдерін техникалық реттеу мәслелері тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, онда депутаттар мен мемлекеттік орган өкілдері және ҰКП жетекшілері қатысып, осы салаға қатысты бірқатар заң жобаларын талқылаған болатын.


Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер