BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

КО аумағындағы еліміз үшін ноу-хау болып табылатын материал үлгілері белгілі болды

Астана. 16 қараша. Baq.kz – Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Әбдірахманов Кедендік одақ аумағындағы Қазақстан үшін адамның мүшелері мен тіндерін, қанның және оның компоненттерін, сондай-ақ, адамның биологиялық материалдарының үлгілерін Одақтың кедендік аумағына әкелу немесе әкету ноу-хау болып табылатындығын атап өтті. Айта кетейік, Кедендік рәсімдерге осы тауарларды орналастыру ерекшелігі Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімінің № 3-қосымшасымен реттеледі және онда қандай да бір кедендік рәсімдер кезінде рұқсат құжаттарды мемлекеттік крістер органдарына ұсыну қажеттілігі көрсетілген, - деп Baq.kz тілшісі.

Мамандардың мәліметінше, жоғарыда аталған ноу-хау ретінде танылған материалдар тізбегі мынадай негізде болып келеді: «адамның биологиялық сұйықтықтары» – бұл адамның организмінен шығарылатын сұйықтықтар, оның ішінде физиологиялық және патологиялық сұйықтықтары, оларға амниоттық сұйықтық, ірің, қан, лимфа, қақырық, уыз, несеп, қуықасты безі сөлі, шырышты қабық сілемейі, синовиалды сұйықтық, шәуhет, жұлын-ми сұйықтығы, тін сұйықтығы, плевралды сұйықтық, мұрын сілемейі, тер, транссудат, құлақ құлығы, экссудат жатады.
– Жалпы, «адамның биологиялық материалдарының үлгілері» - зерттеудің сапасына сыртқы бақылауды жүргізуге арналған. Диагностикалық және ғылыми мақсаттарға пайдаланылатын, немесе биомедициналық және (немесе) клиникалық зерттеулерді жүргізу барысында алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілері қлоданылады, - деді Ержан Фариденұлы.
Негізінен туыстас емес транспланттауды, жыныстық жасуша мен эмбриондарды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарын, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек-кемікті, донорлық лимфоциттерді қоспағанда, адамның мүшелері мен тіндерін, қанның және оның компоненттерін экспорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдеріне орналастыру лицензияны кеден органына ұсынған кезде жүзеге асырылады деп белгіленген. Ал адамның мүшелері мен тіндерін, қанның және оның компоненттерін кеден қоймасы, уақытша әкелу (рұқсат беру), еркін қойма және бажсыз сауда кедендік рәсімдеріне орналастыруға жол берілмейді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер