BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кедендік одақтың тиімділігін уақыт көрсетті - Ж.Дүйсебаев

АСТАНА. 4 маусым. BAQ.KZ – Кеден одағының тиім­ділігін уақыт көрсетіп отыр. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, экономика ғылымдарының кандидаты Жексенбай Дүйсебаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген мақаласында атап өтті.

«Еуразиялық одақ құру, еура­зиялық интеграциялық байланыс­тар орнату туралы Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан жиырма жыл бұрын М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мем­лекеттік университетінде айт­қан болатын. Бірақ та ол кезде бұл бастаманы іске асыруға қоғам да дайын болмады, егемендігін жаңадан алып жатқан тәуелсіз мемлекеттер де өздерінің ішкі мәселелеріне көбірек мән беріп кетті. Енді жаңа ғасырдың екінші он­жылдығында Еуразиялық эко­номикалық одақ мәселесі өзі­нің дұрыс жүйесін тауып, оны іске асыру жолында 2011 жылдан бастап нақты жұмыстар жүр­гізіле бастады. Еуразиялық эконо­микалық қауымдастық құрылды. 2011 жылы Қазақстан, Ресей және Беларусь - үш ел арасында құ­рылған Кеден одағы жұмыс істеп келе жатыр. Кеден одағының тиім­ділігін уақыт көрсетіп отыр»,-деді Ж.Дүйсебаев. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер