BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кеден одағы бірыңғай электронды ақпараттық жүйеге көшеді

Кеден одағы бірыңғай электронды ақпараттық жүйеге көшеді. Бұл туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің біріккен алқасының XXIII отырысында айтылды.

Мәліметтер базасын ортақ жүйеге біріктіру экспорт пен импортқа қажетті құжаттардың саны мен оларды қарауға кететін уақытты азайтады. Жоба жаңа Кеден кодексіне енгізілмек.

Бүгінгі жиында елімізде осы мақсатта жасалған «Астана-1» ақпараттық жүйесі таныстырылды. Жаңа жүйе бойынша тәуекел тобына жатпайтын «жасыл аймақтағы» тауарларды кедендік тексеру жасамай-ақ, бақылау бекетінен өткізуге болады. Ендігі мәселе – елдегі барлық бақылау бекетін жаңа жүйеге сай жаңғырту. Ол үшін шамамен 135 миллиардтан астам қаржы қажет. Кедендік бақылау бекеттерін модернизациялауды мемлекет пен жекеменшіктің әріптестігі аясында жүзеге асыру жоспарланған.

Айта кетейік, жаңа Кеден кодексі 2018 жылы қабылданады.

Ардақ Теңгебаев, ҚР ҚМ Салық комитетінің төрағасы:

– Әрине, ол үлкен өзгерістер алып келеді. Қазіргі таңда, біріншіден, біздің ақпараттық жүйелердің бәрі әртүрлі жасалған. Сондықтан соның бәрін бір жүйеге келтіріп, сол «Астана-1» ақпараттық жүйесін жасап жатырмыз. Ең бірінші мақсаты – біздің экспорттаушылар мен импорттаушыларға жеңілдік алып келу.

Хабар 24


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер